KATA/KEDR веб-консоліне қатынасу конфигурациясы

Kaspersky Anti Targeted Attack (KATA) және Kaspersky Endpoint Detection and Response (KEDR) – бұл Kaspersky Anti Targeted Attack Platform бағдарламасының екі функционалдық блогы. Сіз осы екі функционалдық блокты Kaspersky Anti Targeted Attack Platform веб-консолі (KATA / KEDR веб-консолі) көмегімен басқара аласыз. Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін де, KATA/KEDR веб-консолін де қолдансаңыз, сіз KATA/KEDR веб-консоліне қатынасты тікелей Kaspersky Security Center Web Console бағдарламасының интерфейсі арқылы конфигурациялай аласыз.

KATA / KEDR веб-консоліне қатынасты конфигурациялау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Консоль параметрлеріБіріктіру бөліміне өтіңіз.
  2. Біріктіру қойыншасында KATA бөлімін таңдаңыз.
  3. KATA/KEDR Web Console консоліне бағыттайтын URL мекенжайы өрісінде KATA / KEDR веб-консолінің веб-мекенжайын көрсетіңіз.
  4. Сақтау түймесін басыңыз.

Кеңейтілген басқару ашылмалы тізімі бағдарламаның басты терезесінің үстіңгі жағына қосылады. Сіз бұл мәзірді, KATA / KEDR веб-консолін ашу үшін қолдана аласыз. Жетілдірілген киберқауіпсіздік түймесін басқаннан кейін, сіздің браузерде сіз көрсеткен веб-мекенжайы бар жаңа қойынды ашылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Kaspersky Security Center және басқарылатын қауіпсіздік бағдарламаларын жаңарту

Басына оралу